Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәдениет министрі: Латын қаріпіне көшу бойынша негізгі жұмыс 2025 жылдан басталады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1146

Латин әліпбиіне көшуде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Бұл Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының пікірі. Ол аталған процестің бекітілген бағдарламаға сай 2025 жылдан кейін басталатынын айтады.

Сондай-ақ министр ғалымдардың бұл мәселемен мықтап айналысып жатқанын атап өтті. Қазақ тіліне ғана тән төл әріптерді компьютер клавиатурасына енгізу де оңай дүние емес. Ең бастысы - латын әліпбиіне көшу алдында оқу бағдарламаларын сауатты түрде даярлап алу керектігіне де тоқталды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА