Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ сымбаттана түсті ме?

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1762

Қазақтың сымбатты қыз-жігіттері көбейіп келеді. Қан тазалығы, урбанизация мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруы - ұлттың жасаруына әсер етуде. Ғалымдар осындай пікірде. «Дала қазағы мен қала қазағының, тау қазағы мен техникаға тәуелді қалалықтардың келбеті мен болмысында айырмашылықтар көп», - дейді. Ал кей ғалымдар - бүгінгі қазақ осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазаққа ұқсамайды - деген пікірде. 


Жекен Мамытов, биология ғылымдарының докторы, профессор:

Осы қазіргі қазақтар мен көрген бұрынғы қазақтарға ұқсамайды. Тіптен нағыз қазаққа ұқсамайды.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:

Тұрмыс дәреже өзгерді, киім өзгерді, галстук тағатын болдық, саясатпен айналысатын болдық, тағы-тағылар. Бірақ ұлттық құлық жағынан, ұлттық намыс жағынан, ұлттық сана жаынан Абай заманынан әлі өзгере қойған жоқпыз.

Қазақтың бүгінгі тұрмыс-тіршілігі бет-бейнесіне қалай әсер етуде? Енді 1-2 ғасырда қазақтың түрі қалай өзгереді? Ертең 20:30-да «Астана» арнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан тілшілеріміздің зерттеуін көріңіз!

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ