Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарлы боран 2 мыңдай рейсті шегерді

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2015
  • 1260

Америка әуе компаниялары елдің орталық батысы мен солтүстік-шығысына қарай бет алған қарлы боранға байланысты 2 мыңнан астам рейсті тоқтатты. Мыңнан астам жолаушылар ұшағының ұшуы кейінге қалдырып отыр.

Чикаго әуежайының жұмысы ерекше қиын жағдайда. Метеорологтар:«қатал қыстың құрсауында 100 млн адам, АҚШ-тың үштен бір бөлігі қалады»,- деп отыр. Орталық батыста боран басталып кетті, ал солтүстік-шығысқа алдағы бірнеше сағатта жетуі мүмкін.

Нью-Йорк, Бостон және Чикагоға қалыңдығы 30 см дейін қар түсуі мүмкін. Елдің коммуналдық қызметі жұмысқа сақадай сай. Нью-Йоркте басталған боранға байланысты, қала басшысы азаматтардың алыс жолға шықпауларын сұрады.

Оның сөзінше, Нью-Йоркте кешке таман ауа температурасы минус 23 градусқа дейін төмендейді. Ал әзірге сынап бағынасы плюс екіні көрсетіп тұр. Болжам бойынша АҚШ-тың солтүстік-шығысы бірнеше күн салқын циклонның құрсауында болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ