Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысындағы 9 ауылға әлі газ берілген жоқ

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1194

Батыс Қазақстан облысындағы 9 ауылға әлі газ берілген жоқ. Тұрғындардың қыстың көзі қырауда суыққа тоңып, жылусыз қалғанын кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Бұған «Орынбор-Жаңапсков» бағытындағы халықаралық газ құбырының жарылуы себеп болды.

Апат салдарынан Зеленов пен Тасқала аудандарына қарасты оннан астам елді мекен бір мезетте газдан ажыратылды. Жөндеу жұмыстарының арқасында Тасқала ауданына газ берілгенімен, Зеленов ауданындағы 12 мыңдай тұрғыны бар 9 ауылдың халқы әлі де дірдектеп отыр.

Белес ауылының әкімі Адам Имашев аймақтағы тілшілерімізге газдың бүгін түс ауа берілуі мүмкін екенін хабарлады. Ауылдағы әлеуметтік мекемелерге жылыту құрылғылары қойылмақ. Әкімнің сөзінше, ыстық ауа айдайтын мұндай қондырғылар мәдениет үйі мен мектепке орнатылады.

Аймақтағы ахуал біздің тілшілеріміздің бақылауында. Бұл туралы алдағы хабарымызда айтатын боламыз.

Еркін КАРИН