Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда экологияға зиян келтірген мұнайшылар 3,2 млрд. теңге айыппұл төледі

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 983

Атырауда экологияға зиян келтірген мұнай компанияларынан мемлекет пайдасына 3,2 млрд. теңге айыппұл өндірілді. Бұл жөнінде облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

«Теңізшевройл» серіктестігі Теңіз кен орнында мұнай өндіру кезінде газды мөлшерден артық жағып, сол үшін 1 млрд. 300 млн. теңге айыппұл төледі. «ЕмбіМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ ауаны ластағаны үшін 1 млрд. 900 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы ұйғарым хат алды.

«Алайда мұнайшылар оны төлеуден жалтармақ болған. Экологияға келтірілген зиян прокуратура органдары араласқан соң ғана өтелді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның өкілі Аслан Нұрғалиев.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА