Русский Сайттың толық нұсқасы

Роскосмос Зениттерді сатып алмайды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1199

Роскосмос Днепропетровскідегі «Южмашзаводтта» құрастырылатын «Зенит» зымырандарын сатып алмайтын болды. Ресейлік жер серіктері ғарышқа «Ангара» зымыран тасығыштарымен ұшырылмақ.

Бұл туралы «Роскосмостың»  ресми өкілі Игорь Буренков мәлімдеді. «Известия» басылымы хабарлағандай Роскосмос «Зенитті» үш рет ұшыруды жоспарлаған. Оның екеуі биыл жүзеге асуы тиіс еді.

Украиналық зымыран тасығыш «Электро –Л» ғылыми аппаратын оның ішінде «Спектор –РГ» обсерваториясын ғарышқа жеткізу керек болған. Алайда қазір «Южмашзаводттың» жағдайы мәз емес.

22 -қаңтарда кәсіпорын қызметкерлері екі айға ақысыз демалысқа жіберілді. Компанияның қарызы 640 млн. гривенді құрайды, оның 140 миллионы жалақы бойынша.

Игорь Буренков, «Роскосмостың»  ресми өкілі:

Біздің өнеркәсіп барлық міндеттерді атқара алатын заманауи зымыран құрылысын жақында аяқтады. Біз енді Украинадан зымыран сатып алудың қажеті шамалы деп шештік.

Мөлдір ДЮСЕКИНА