Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай елі биылдан бастап ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бекініп отыр

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1159

Қытай биылдан бастап ауылшаруашылығын жаңғыртуға бағытталған реформаларды қолға алмақ. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды. Аспан асты елінің экономикасы даму қарқыны бойынша жоғарыдан орташаға көшеді деген болжам бар.

Жалпы әлемдік экономикада даму бәсеңдеген тұста қытайлықтар ауылшаруашылығы саласының мәртебесін көтеріп, шаруалардың табысын арттыруды көздеп отыр. Ел билігі шаруашылық моделін өзгертуге, ауылдан шыққан азаматтарды саясатқа тартуға бет бұрмақ.

Мұнан бөлек жаңа социалистік ауылдар құрылысын жүргізіп, ауылдағы көптеген мәселелерді заңмен мықтап бекітуді көздейді. Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының қызметкері Чжу Личи, жаңа құжат ауылды жедел жаңғыртуға сеп болады деген пікірде.

Мөлдір ДЮСЕКИНА