Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тұңғыш рет жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты басталды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1575

Алматыда тұңғыш рет жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты басталды. Бұл сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 23 жасқа дейінгі спортшылар бақтарын сынауға келді.

Аламан жарысқа әлемнің 36 елінен бес жүзден аса спортшы қатысуға ниет білдірген. Еліміздің намысын қорғауға шаңғы жарысынан 26, биік тұғырдан секіруден бес спортшы шығады. Жас шаңғышылар трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы және өзге де жарыстар бойынша сынға түседі.

Жарыс 2011 жылы Азия ойындары өткен Алматының шаңғы-трамплин базасы мен Талғар шаңғы трассасында ұйымдастырылды. Дүбірлі дода ақпанның сегізіне дейін жалғаспақ. Сайысты әлем бойынша 240 миллиондай көрермені бар шетелдік телеарналардың бірі тікелей эфирден таратпақ.

Халықаралық шаңғы спорт федерациясының өкілдері қазақстандық спорт нысандарына жоғары баға берді.

Хорст Тильман, Халықаралық шағы спорт федерациясы сайыстарының үйлестірушісі:

Әлем чемпионатын өткізу үшін «Сұңқар» трамплин кешенінде ұзындығы 7,5 шақырым болатын қосымша трасса салынды. Жаңа нысан қаланың спорт кластерінде елеулі орын алары сөзсіз. Әрі барлық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Сайыстың ойдағыдай өтеріне сенімдіміз.

Берік ХАСЕНОВ