Русский Сайттың толық нұсқасы

Универсиада жеңімпазы Анастасия Слонова елге оралды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1119

Словакия мемлекетінде өткен универсиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Биатлон және шаңғы жарысына қатысқан отандастарымыз 3 алтын және төрт күміс жүлдені олжалап, жалпы командалық есепте 2-ші орынға көтерілді. Бұл сында төрт бірдей жүлдені ел құрамасының қоржынына салған Анастасия Слонованың еңбегі ерен.

Универсиада жарысында жасындай жарқыраған Анастасия Слонова елге оралды. Чемпионды Өскемен қаласының әуежайынан жерлестері ыстық ықыласпен күтіп алды.

Осыдан бір ай бұрын өткен әлем кубогында өнер көрсеткен Анастасия Слонова үздік қатарынан көрінді. Іле-шала универсиадаға аттанған жерлесіміз жанкүйер сенімін ақтап, алғашқы күні-ақ, алтыннан алқа тақты. Мұнымен шекетеліп қалмаған қазақстандық шаңғышы 15 шақырымдық жарыста да алдын жан салмады. 5 шақырымға классикалық әдіспен жүгіруде екінші орынға қол жеткізген жерлесіміз артынан эстафета жарысында да күміс медальді ұтып алды. Әрине, жеңіс тек табан ет маңдай тердің арқасында ғана келетіні белгілі. Бұған дейін жаттығу барысында аянбай еңбек еткен споршымыздың бағы жанды. Біраз тынығып алғанын кейін Анастасия Слонова алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатына аттанады.

Анастасия Слонова, қысқы универсиада жеңімпазы:

Алғашқы алтын медальді ұтып алған жарыста біраз күш жұмсадым. Дегенмен, босаңсуға уақыт жоқ. Алда мені тағы жауапты сайыстар күтіп тұрды. Сондықтан күшімді бірқалыпты жұмсауға тырыстым. Енді әлем чемпионатына аттанамын.

Универсиданың екінші жартысы Испанияның Гранада қаласында жалғасады.



Бундеслиганың 18-ші тур ойындары болып өтті. Бір айлық үзіліс барысында тыңғылықты дайындық жүргізген «Вольфсбург» командасы ірі жеңіске қол жеткізді. Бұл сында Дитер Хеккингтің шәкірттері Мюнхен қаласының «Бавария» командасын 4-1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуді ширақ бастаған алаң иелері бірінші таймда 2-0 есебімен басым түсті. Бұл сәттерде мергендігімен танылған Дост дубльдің авторы атанды. 

Үзілістен кейін де алған бетінін қайтпаған «Вольфсбург» футболшылары есепті ұлғайтты. Бұл сәтте де Брюйне мүлт кетпеді. Қарымта шабуылға шыққан қонақтар Бернаттың көмегімен есепті қысқартты. Бірақ Хосеп Гвардиола шәкірттерінің қуанышы көпке созылмады. Кездесу аяғына қарай сол тағы де Брюйне-Мануэль Нойер қорғаған қақпаға төртінші голды соғып есепті қорытындылады.

Самат ҚАНАҒАТОВ