Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолаушылар ұшағы елді-мекен үстіне құлады

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2015
  • 1105

Тайбей төңірегінде үй-жайлар үстіне ұшақ құлады. Рейтерстің хабарлауынша, ұшақ бортында елу шақты адам болған. Әуе көлігі құлаған сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгірген. Мына кадрларда ұшақтың төмендеуі көрініп тұр.

Ұшуға бет алған сәтте лайнер автокөлік жолдары көпірін іліп кетсе керек, ізінше өзенге құлады. Зардап шеккендердің бірқатары салоннан өз беттерінше шыққан. Ішінде қалғандар әлі бар көрінеді.

Құтқарушылар жетпекке тырысып жатыр. Турбиналы-винтті ұшақ Суншань әуежайынан Цзиньмэнь аралына қарай ішкі рейске шыққан. Соңғы деректер бойынша, апаттан кемінде сегіз адам қаза тапты.

Жұрағат БАМАН