Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрлан Жоламанов соттан серуенге уақыт сұрады

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2015
  • 1134

Нұрлан Жоламанов өзіне тиесілі 1 сағаттық серуен уақытында сотқа жетелемеуді өтінді. «Бұл таза ауа жұту үшін маған берілген жалғыз мүмкіндік, сондықтан сот процесін изолятордың ішкі тәртібімен сәйкестендіруді сұраймын», - деді генерал бейнекамералардан тыс жабық өткен сот отырысында. Ол сот мәжілісін таңғы тоғыздан - онға ауыстыруды өтінді. Сондай-ақ шекара қызметінің бұрынғы басшысы түскі асқа 2 сағат уақыт бөлу жөнінде өтініш білдірді. Сот төрағасы Ербол Ахметжанов айыпталушының өтінішін ішінара қанағаттандырды. Бүгін түскі асқа 2 сағат уақыт берген судья сот отырысының таңғы уақытын абақты әкімішілігімен кеңесе қарастырмақ.

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде генерал-лейтенант есінен танып қалған болатын. Бүгін сот залында болып қайтқан біздің тілшіміз хабарлағандай, Жоламановтың жағдайы қазір жақсы, денсаулығы қалыпты.

Сот бүгін 6 куәгерден жауап алуы тиіс еді, алайда отырысқа олардың екеуі ғана келді. Қазір сот екінші айыпталушы, шекара қызметінің Алматы қаласындағы әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетовтің телефон әңгімелерін тыңдауда. ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жолманов  аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген екі бап бойынша айыпталуда. Алайда Жоламановтың өзі кінәсін мойындаған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ