Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бензин бағасы тағы арзандады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1222

Алматыда бензин бағасы тағы арзандады. Қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінің көпшілігінде сұйық отын құнының төмендегенін көруге болады. Жүргізушілер арасында үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 2-3 теңгеге, тіпті кейбір станцияларда 5 теңгеге дейін түскен. Бензиннің бұл түріне шекті баға 109 теңге болатын.

Ал, бүгінде ондай баға белгілеген бекеттер тым аз екенін байқауға болады. Жүргізушілердің көбі АИ-92 бензинінің әр литрін 104 -107 теңгеге сатып алып жатыр. АИ-80 маркалы бензиннің құны да 2-3 теңгеге арзандаған.

- Бұл еліміздің басқа аймақтарында да байқалады.

- АИ-92 бензинін бәрі қолданады, оның бағасы түсті. 109-дан 107-ге. 2 теңге болсада көбірек құятын болдық.

 - Барлық жерде баға түсті бірдей емес, бір жерде 107, бір жерде 104 теңге. Жақсы баға түсті. Екі-үш күн болды 80 маркалы бензин 2,3 теңгеге арзандады. Бір жерде тіпті, 85 теңгеден сатып жатыр.

Берік ХАСЕНОВ