Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық орталық банк Грекияның дағдарыстыққа қарсы жаңа жоспарына қарсы

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1546

Еуропа орталық банкі Грекияның дағдарыстыққа қарсы жаңа жоспарына қарсы. Бұл туралы «The Financial Times» жазады. Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакис өзі ұсыныс жасады.

Онда «еуроаймақтағы әріптестерімен арадағы келісімдер реттелгенше, қарызға алынған қаржының орнын қысқа мерзімде төлеуге берілетін міндеттеме қағазбен алмастыру» жайы айтылған.

«Осы арқылы, алдағы үш айда 10 миллиард еуро қарыздан уақытша құтыла аламыз», - деді ол. Алайда  Еуропа орталық банкі бұл ұсынысты құптамады. Варуфакис бұдан бұрын да қарызды қайта қарау мәселесін көтерген.

Басылымның мәліметінше, аталған банк пен Грекия арасындағы уағдаластықтар реттелмесе, Афинаның қолма-қол қаржы қоры құрдымға кетуі ықтимал. Айта кетейік, еуроаймаққа мүше елдердің қаржы министрлері Янис Варуфакистің ұсыныстары негізінде 11 ақпанда бас қосады.

Жұрағат БАМАН