«Венгрия билігі Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз
етпейді. Бұл туралы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Янош Лазар мәлімдеді», -
деп жазады «Bloomberg». Лазардың айтуынша, «егер Вашингтон Киевке қару
тасымалдау туралы шешім қабылдаса, бұл аса қауіпті болмақ. АҚШ-тың Еуропа мен
Ресейдің арасына килігуінің соңы жақсылыққа апармайды»,- деді ол.
Айта кетейік, 2 ақпанда Германия канцлері
Ангела Меркель Украинаға қару-жарақ тасымалдамайтынын мәлімдеген. Ал Америка тарабы, украиналықтарға әскери көмек беру жаңа қантөгістердің
басталуына себеп болуы мүмкін екенін айтқан-ды.
Бүгінде Вашингтон Украинадағы қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін 320 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетуде.
Жұрағат
БАМАН