Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1951

«Тайқазан- игілікті істердің символы». Түркістан шаһарында «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы басталды. Ұйымдастырушылар шараны «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі" деп атапты.

Шара Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында өтті. «Тайқазан игілік пен бірліктің бастауы» шарасына жиылған қауым алып қазанның қасиетіне тоқталды. Бірнеше ұлттың өкілдері бірлік пен келісім, татулық орнаған елдің ынтымағының үлгісін көрсетті.

Алқалы жиында сахналандырылған көрініс қойылып, ұлттық нақыштағы билер орындалып, әндері шырқалды. Осылайша эстафетаның басты белгісі «Тайқазан» Астана қаласына жол тартты.

Жұма күні Елордадан өзге өңірлерге аттанады. Іші символикалық түрде «ізгі істерге» толған қазан аймақтарды аралап болған соң, Астана қаласына қайта оралады. Ал желтоқсанда Тұңғыш Президент күнінде Елбасыға тапсырылады, деп жоспарланып отыр.

Нәзипа Шанай, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі:

Атқарылатын шараларға келетін болсақ, әр облыстың алдында 20 ізгі іс атқару мақсаты тұр. Ол ізгіліктің жалпы шегі жоқ, шекарасы жоқ. Егер де бір облыс денсаулығына сай жиырма балаға көмек көрсететін болса, ал басқа біреу балабақша салып беру, үйі жанып кеткен адамдарға үй салып беру. Тіптен ҰОС ардагерлерінің бүгінгі таңдағы жағдайына көмектессе.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ