НАТО
әрекет ету контингентін екі есе, яғни 30 мың адамға дейін ұлғайтпақ. «Бұл
жайында солтүстік атлантикалық келісім ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг
мәлімдеді», - деп хабарлайды Рейтерс.
Айта өтейік, бұған дейін бұл контингентте 13 мың әскери болды. Десе
де, ілгері әрекет ету тобына тек 5 мың адам кірмек. Бас хатшы бұл ақпарды
растады. Сондай-ақ ол, НАТО Еуропаның алты мемлекетінде алты басқарушы және
бақылаушы орталық жасақтайтынын,
хабарлады. Аталмыш орталықтар жергілікті жерлердегі ұлттық күштік құрылымдармен
байланыс орнатуға міндеттеледі.
НАТО-ның ілгері әрекет ету контингентіне:
құрылықтағы әскер, әскери-әуе, теңіз-әскери және арнайы операциялар құрылымы
енеді. Солтүстік атлантикалық альянс бұл топты кез-келген уақытта, кез-келген
жерге жөнелте алады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА