Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Moody’s рейтинг агенттігі Ресейдің тәуелсіз рейтингін «қалыптыдан»-«төменгі» деңгейге дейін түсірді

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 935

АҚШ-тың Moody’s рейтинг агенттігі Ресейдің тәуелсіз рейтингін «қалыптыдан»-«төменгі» деңгейге дейін түсірді. Сондай-ақ, агенттік Ресейде 2015 жылы ішкі жалпы өнім 5,5 пайызға құлдырап, жұмыссыздық өсіп, жалақы деңгейі төмендейді,-деген болжам жасаған.

Яғни, биыл жұмыссыздық 7 пайызды, ал 2016 жылы 8 пайызды құрауы мүмкін деген жорамал бар. Айта кетейік, Moody
s Ресейдің рейтингін мұның алдында да бір рет төменгі деңгейге түсірген еді.

16 қаңтардағы болжамында мұнайдың арзандауы мен рубльдің құлдырауы Ресей экономикасының дамуына кері әсерін тигізгенін хабарлаған. Ал Қытайдың Dagong агенттігі бұл жорамалдарды жоққа шығарып, Ресейге қарсы әрекеттерді саясатпен байланыстырды.

Самат ҚАНАҒАТОВ