Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалықтар Американың Украина шиеленісін шешу тәсіліне қанағаттанбай отыр

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 1108

Америка Құрама Штаттарының Украина шиеленісін шешу тәсілдеріне көңілі толмаған Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеуге барып келіссөздер жүргізуге ниетті. 

Бұл туралы 
«Нувель обсерватер»француз басылымы жазды. Іссапардың басты мақсаты - еуропалықтарға Украинаны қарумен жабдықтап, мәселені шешу жолын ұсынып отырған АҚШ-тың алдын орау - деп жазыпты басылым. 

Соңғы кездері Америка бұл бағытта ерекше белсенділік танытуда. Сондай кей ақпарат құралдары:«Олланд пен Меркель Мәскеуге бару жайында шешім қабылдар алдында Вашингтонмен кеңескен жоқ»,-деп жазады. 

Кеше кешкісін Киевте, Петр Порошенко, Ангела Меркель және Франсуа Олланд Минск келісімінін орындалуын тағы да талқылады. Осылайша Украина билігі мен еуропалық саясаткерлер атысты тоқтатып, ауыр әскери техника мен шет елдік әскерді елден шығару қажет деген шешімге келді. 

Бүгін Олланд пен Меркель Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек. Келіссөздер Мәскеу уақыты бойынша 17:00-ге жоспарланып отыр. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ