Русский Сайттың толық нұсқасы

Иордания ИЛИМ-ге қарсы батыл әрекеттерге көшті

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 1075

«Ирак және Левант ислам мемлекеті» атты радикалды ұйымның исламға еш қатысы жоқ». Иордания осындай ұран жазылған бомбаны ұшаққа тиеп, Сирияға, ислам радикалдарына бағынышты аймаққа аттандырған.

Еске салсақ, ұшқыш Муаз аль-Касасбеха лаңкестердің қолдарынан аяусыз қаза тапқан соң, иорданиялықтар радикалдарға қарсы батыл әрекетке көшуді ұйғарды. Әмірліктің ресми өкілдері де бұл ақпаратты растап отыр. Ондаған ұшақ Сирия аумағындағы экстремисттердің позицияларына әуеден соққы беріп үлгерді. Нысанаға әсіресе қару-жарақ қоймалары, оқу-жаттығу лагерлері мен қорғаныс жерлері алынған. Ресми Амман барлық әуе кемелер елге аман-есен оралғанын айтып, басталған әрекеттер жойқын шабуылдың басы ғана екенін мәлімдеді.

Ләйлі ҚАЗИЯҚПАРОВА