Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте билік пен жолаушы тасымалдаушы 13 компания арасында келісімшарт бұзылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 1350

Шымкент қаласының әкімдігі қала ішінде жолаушы тасымалдайтын 13 компаниямен жасалған келісімшартты бұзуы мүмкін. Бұл жөнінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы мәлімдеді. Айтуынша, бұл компанияларға тиесілі 17 бағыттың ісі дәл қазір сотта қаралып жатыр. Біржақты келісімді бұзу туралы талап-арыз қала әкімдігі тарапынан түскен.

Жоғарыдағы 13 компанияның тарапынан жіберілген кемшіліктер рейдтік шаралар барысында анықталды. Сотқа жүгінуге қоғамдық көліктердің уақытылы бағытқа шықпауы, кестеден кешігу себеп болған көрінеді. Сондай-ақ автобустардың аралық уақыттарын сақтамауы сынды олқылықтарға жол берген. «Бұдан бөлек тағы үш бірдей бағытпен жасалған келісімді бұзу туралы талап-арызды сотқа қосымша жолдадық»,- деді бөлім басшысы Қуатжан Жұматаев. 

Қуатжан Жұматаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Халыққа кешкі уақытта  қызмет етуі өте төмен болғандықтан және де, бізде келісімшартта жылдық 20 пайыз жаңарту пайызы бар, соны орындамаған. Осы екі талаппен. Одан кейін өздеріңізге белгілі, қара түтін шығып жатыр.

Қазіргі таңда Шымкентте 1200-дей  автобус қала ішінде жолаушы тасымалдайды. 86 бағыт бойынша 33 компания  шаһар тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Айта кетейік, өткен жылы тасымалдаушыға әртүрлі кемшіліктері үшін 972 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ