Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде «Биохим» зауытына қайта «қан жүгірмек»

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 988

Қызылжар өңіріндегі ірі өндіріс ошақтарының бірі «Биохим» зауытына қайта «қан жүгірмек». Бұл туралы «Казмұнайгаз - өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының өкілдері хабарлады. Қазір тиісті келісімшарт жобасы мен жандандыруға жұмсалатын қаржы мөлшері талқылануда. Компания басшылығы, зауыт қайта іске қосылғасын 200 жаңа жұмыс орны ашылады дейді.

Айта кетейік, «Биохим» зауыты 2006 жылы Тайынша ауданында «30 үздік жоба» бағдарламасы аясында салынған болатын. Заманауи нысан халық арасында «дала ғажабы» аталып кеткен. Жоспар бойынша, мұнда бидайдан «биоэтанол» өндірілуі тиіс еді. Сұйықтықтың бұл түрі жанармайдың октанын еселеп, оны экологиялық таза өнімге айналдырады. Алайда бірнеше ай жұмыс істеген зауыттың өнімі сұранысқа ие болмай, өндіріс тоқтап қалды. Қазір қымбат қондырғыларды шаң басып тұр. Десе де, барлық техника талан-таражға түспей, бұрынғы қалпында сақталған.

Мұхит Мәженов, «Қазмұнайгаз - өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының трансформация жөніндегі орынбасары:

Өткен аптада облыс әкімдігімен «Биохимді» қайта қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды. Қазір бірнеше эксперттік компаниялар зауытты қайта іске қосуға жұмсалатын шығынды есептеп жатыр. Әзірге оның нақты қаншаға түсері белгісіз. Жыл соңына дейін биоэтанолды қайта өндіруді жоспарлап отырмыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН