Русский Сайттың толық нұсқасы

Делегаттар «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі жайында

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2016
  • 2152

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 17 съезінде қабылданған бесжылдық бағдарлама елді қаржылық дағдарыстан алып шығары сөзсіз. Жиынға қатысқан делегаттардың пікірі осындай. Олар, әсіресе индустрияға басымдық беру керек, дегенді құптап отыр. Партия тұғырнамасы Қазақстанның гүлденуіне бастайтын жол,- дейді.

Мұрат Жұрынов, Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, съезд делегаты:

Мемлекетті негізінен байытатын, дамытатын индустрия. Барлық уақытта солай. Мемлекетті дамыту үшін индустрия дамуы керек. Зауыттар, фабрикалар, нанотехнология, жаңа зауыттар салынуы керек. Міне, осыны басып айтты, осы салада Қазақстан әрі қарай жұмыс істейді, дамиды.

Ерлан Сыдықов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, съезд делегаты:

Бағдарламаның негізі, тұғыры: бірлік, тұрақтылық, жасампаздық. Міне, осы үш тұғырдың негізінде елімізде тұрақтылық, тыныштық, даму болады. Осының арқасында біз кез-келген алда тұрған дағдарыстан шығамыз деп нақты көрсетіп берді. "Нұр Отан" партиясы, оның 900 мыңнан астам мүшелері бар, солардың атынан келген делегаттар бірауыздан, қандай да болмасын алдымыздан шығатын қиындықтардың бәрін өзінің шешуге жауапты екендігін, айтып отыр.