Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаңғы жарысынан жастар құрамасы қайта жасақталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 1133

Шаңғы жарысынан жастар құрамасы қайта жасақталуы мүмкін. Тіпті жаттықтырушылардың да тізімі қайта қаралмақ. Бұл туралы Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының вице-президенті Владимир Смирнов мәлімдеді. Мұндай мәлімдеме жасауға Алматыда тұңғыш рет өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты түрткі болыпты.

Алатау баурайында әлемнің 36 елінен келген бес жүзден аса спортшы бесінші күн қатарынан бақ сынап жатыр. Бірақ Қазақстанның қоржыны әлі бос. Шаңғы жарысынан жүйрік жасөсіпірімдердің бірде-бірі жүлделі орын ала алмады. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша медаль санымен алдыңғы қатарда Норвегия тұр. Қазақстандық құраманың олқылығына шаңғы жарысы ұлттық федерациясының вице-президенті өз бағасын берді

Владимир Смирнов, ҚР Шаңғы спорты ұлттық федерациясының вице-президенті:

Бұл жылы қазақстандық шаңғышылар әлем чемпионаттарында бірде-бір жүлде алмады. Бірақ бұл өткінші жайт. Бастысы бізге жаттығу барысы бойынша дұрыс қорытынды шығару қажет. Сонымен қатар, жаттықтырушылар мен спортшылардың құрамын қайта жасақтап, келер жылдағы әлем чемпионаттарында жүлделі орын алуға ұмтылу керек.

Берік ХАСЕНОВ