Русский Сайттың толық нұсқасы

Әділет министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ келісім-шарттарының орындалуын қадағалай алады

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2015
  • 1085

Әділет министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ келісім-шарттарының орындалуын қадағалай алады. Бұл туралы ведомствоның есептік алқа отырысында Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары Жолымбет Бәйішев мәлімдеді.

Жолымбет Бәйішев, ЕАЭО Соты төрағасының орынбасары:

Еуразиялық экономикалық одақ шарттарын әзірлеу және халықаралық келісімдердің орындалуын қадағалау ісімен айналысатын органдар ішінде Әділет министрлігінің ролі ерекше. Себебі соңында қол қойылатын құжаттардың барлығы Әділет министрлігі арқылы өтеді. Біз өзіміздің ұлттық заңнамамыздың қадағалануын қатаң бақылауымыз қажет.

Тәуелсіз сот өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ шарттары ұлттық заңнамадан басым екендігін айтуда. Ұлттық заңның осал тұстары бар, әрі ол сапасыз әзірленген, деп санайды мамандар.

Әсіресе заңға қосымша актілер әзірлеу ісінде шикіліктер бар көрінеді. Алайда жауапты ведомстводағылар, жаңа әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасын мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп қадағалап отырғандарын жеткізді.

Әділет министрлігінің дерегіне сүйенсек, бүгінде жеке іздестіру және бағалау қызметі туралы жаңа заң жобаларына аса назар аударылуда. Сондай-ақ, көптеген қызмет түрлері автоматтандырылған.

Алайда ведомство жылжымайтын мүлікті нотариалдық тіркеу туралы дерекқордың қолжетімді болуын әлі қамтамасыз етпеген. Бұл өз ретінде, риэлторлар мен азаматтардың тұрғын үй сауда-саттық келісімдерінің шынайы бағасын онлайн режимде бақылауына мүмкіндік берер еді.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Әділет вице-министрі:

Риэлторлар шағымданды деп тұрғын үй сауда-саттық келісімдері туралы дерекқорды қолжетімді ету міндет емес. Барлық қажетті деректерді нотариус арқылы біліп алуға болады. Аталмыш келісімдер бірінші қаңтардан бастап электронды форматқа өткен. Келісімдер риэлторлар арқылы өтпейді, олар ол іспен айналыспайды. Сондықтан сауда-саттық шарттарды нотариустардың тексеруі заңды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА