Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Минск келіссөздерінің нәтижелі боларына сенеді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2015
  • 1091

Нұрсұлтан Назарбаев 11 ақпанда Минскіде өтпек «Норманд төрттігінің» келіссөздері нәтижелі болады деген ойда. «Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы мен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен арада болған телефон әңгімесінде айтылды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 6 ақпанда Мәскеуде болған келіссөздер қорытындысы бойынша «норманд төрттігі» сәрсенбіде Минскіде кездесетін болып тарқасты. Франция президенті Франсуа Олланд мәскеулік келіссөздерге «соғыс алдындағы соңғы мүмкіндік» деген баға берген болатын. Ал The Wall Street Journal, мәскеулік кездесуде Германия канцлері Ангела Меркель, «Путин Украина шиеленісін шешудің Берлин мен Париж ұсынып отырған жолдарын қош көрмесе, Ресейге кезекті санкциялар пакетін қолданатынын» ескертіп сес көрсетті, деп жазады.

Айта кетейік, бұған дейін «төрттіктің келіссөздер» алаңы ретінде Астана да аталған болатын. Тіпті, жиынның нақты күні де жоспарланғанмен, Украина шығысында жағдайдың шиеленісуіне байланысты жағдай өзгерді.  

Азамат АЛДОҢҒАРОВ