Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұқағали Мақатаевтың туған күнінде Алматыда Жазушылар үйінде жыр кеші өтті

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2015
  • 3320

Бүгін қазақ поэзиясының тарланбозы Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Көзі тірі болса, ақиық ақын 84 жасқа толар еді. Қара өлеңнен халқына өшпес мұра қалдырған Мұқағалидың туған күні жыл сайын атаусыз қалмайды. Биыл да оның шығармашылығын сүйіп оқитын оқырманы Алматыдағы Жазушылар үйіне жиналып, жырдан сусындады.

Мұқағали Мақатаев Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек, өлең жазуға жүйрік ақынның әрібір өлеңі тілге орамды, жаттап алуға жеңіл. Сондықтан оның поэзиясы әлі күнге дейін ауыздан ауызға тарап, халықтың сүйіспеншілігінен ажыраған емес. Шайырдың туған күні қарсаңында биыл өлеңдерінің бес томдығы жарық көрді. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ