Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстікте бәйшешек гүлдеді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2015
  • 1355

Шымкентте, өткен сенбіде қар жауғанына қарамастан, бәйшешек гүлдей бастады. Көктемнің жаршысы атанған, Қызыл кітапқа енген өсімдік қала төңірегінде гүлдеп тұр. Кешегі жексенбіде аймақта ауа-райы +12 градусқа жылыды. Ал бүгін +16 градусқа дейін көтерілді.

Биыл өңірде ақпан жылдағыдан жылы. Осының әсері ме, оңтүстікте көктемнің нышанындай болған өсімдік тым ерте гүл ашты. «Ақпанның алғашқы онкүндігі аяқталмай, бәшешек атқаны - ерте көктемнің хабары», - дейді тұрғындар. Ал ауа-райын болжаушылар алдағы үш тәулікте күн жылы және жауынды болатынын айтады. Және қыстың соңғы айында әлі де суық күндер бар екенін болжауда.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ