Русский Сайттың толық нұсқасы

Қылмыстарды онлайн тіркеу картасының аумағы кеңейтілмек

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2016
  • 2102

Қазақстан азаматтарына қылмыстық құқық бұзушылықтар жайында үй ішінен мағлұмат беретін «Қылмыстық құқықбұзушылық картасының» қамтитын ауданы кеңейтілді. Жыл соңына дейін онлайн картаға 350 аудан орталығы мен 7 моноқала қосылады. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері хабарлады.

Республика бойынша жасалған қылмыстар онлайн картада 3-4 минут ішінде көрінеді. Яғни қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған құқық бұзушылықтар тіркеледі. Соның арқасында қай қала немесе аудандағы қай көшелерде қылмыс жиі орын алатынын, қандай аудандар қауіпті екенін халық көріп отырады. Онлайн картада жол-көлік апаттары да тіркеледі. Яғни қай бағыттар бойынша абайлап жүру керектігін бағамдауға болады. Қылмыстық құқық бұзу картасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның 32-ші қадамы аясында жүзеге асқан. 

Ержан Жұмабеков, ҚР Бас прокуратурасы комитетінің бөлім прокуроры:

Интернетке қол жетімділігі бар кез келген азамат servis.prastat.kz сайтына кіріп, белгілі бір радиусты таңдап, өзінің потшасына күнделікті немесе 2 күнде бір рет апта сайын осындай ақпараттарды қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Жұмыс орны бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша қанша қылмыс тіркелгенін, қай уақытта тіркелгенін көруге болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ