Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертуі мүмкін бе?

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2015
  • 1118

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертуі мүмкін. Халықаралық S&P /«СтэндЕрт энд Пурз»/рейтингтік агенттігі Қазақстанның ұлттық банкі үшін биылғы жыл оңайға соқпайтынын болжады.

Бұл туралы аталған агенттікке сілтеме жасаған Kursiv.kz хабарлайды. Әлемдегі экономикалық ахуалға шолу жасаған сарапшылар, Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына біртіндеп жол беретінін немесе мұнайдың биылғы бағамына бейімделу үшін қайта бағалау жұмыстарын жүргізетініне сенімді.

Сонымен қатар, теңгенің рубльге шаққандағы бағамында айырмашылық үлкен болмауына да мән берілмек. «Стандарт энд Пурз» өкілдері қазір теңгенің былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға құнсызданғанын да жасырмады.

Еркін КАРИН