Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірғаным Әйтімова қазақстандық жастарды несиеге өмір сүруге шақырды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2015
  • 1509

Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова - қазақстандық жастарды несиеге өмір сүруге шақырды. Сондай-ақ, «Қазақстан Президентінің қолжетімді баспанаға қатысты ұсынысын жастар тиімді пайдалануы тиіс»,- деді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Байқасаңыздар, шетелде жастардың көбісі осылай жасайды. Олар өз мүмкіндіктеріне қарап, несиеге өмір сүреді. Колледжде білімді де несиемен алады. Содан кейін қалай болғанда да жұмыс табуға тырысады. Олар студенттік жылдарында сабақтан бос кездерінде даяршы немесе басқа да жұмыстарды істейді. Осылайша несиелерін ақырындап өтейді. Ал одан кейін баспана қажет болғанда жалдамалы үй алады. Қазастандық жастар да солай істеуі керек.

Сондай-ақ, сенатор - Қазақстандық жастар жаһандық мәселелерді шешуге қатысуы тиіс,- деді. Ал, Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Жанар Боқанова келешекте Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Жастар саясаты» өз алдына енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, брифингте мемлекеттік жастар саясаты мектебін ашу жоспарланып отырғаны мәлім болды. Егерде бұл жоба сынақтан мүдірмей өтсе, Еуразия ұлттық университетінің өз базасында кафедра ретінде ашылуы мүмкін.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы дүйсенбі күні «Жастар саясаты туралы» заңға қол қойды. Құжат - жастардың мемлекеттік және қоғамдық шараларға белсенді қатысып тұруына бағытталған.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА