Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүниежүзілік банк пен Украина 378,4 миллион доллар несиеге байланысты келісім шартқа қол қойды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2015
  • 918

Дүниежүзілік банк пен Украина 378,4 миллион доллар несие туралы келісімге қол қойды. Қомақты қаражат Украинадағы энергия желісіне жұмсалады. Бұл ақпаратты «Интерфакс» таратты.

330 миллион долларды Бүкіләлемдік банк бөлсе, қалған 48,8 миллионды таза технологиялар қоры беріп отыр. Бұған дейін де Дүниежүзілік банк Киевке қаржылай қолдау көрсетті. 200 миллион доллар энергия желісіне берілген-ді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Украинаның сыртқы қарызы 30 милиард долларға жетті. Бұл ішкі жалпы өнімнің 4/1 бөлігін құрайды. Премьер-министр Арсений Яценюктің сөзіне жүгінсек,
«Киев қазіргі күні 11 миллиард доллар қарызды қайтаруы керек». Ал елдің алтын қоры 8 миллиард доллардан аспай отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ