Минскіде өткен төрттіктің кездесуіне қатысты, Ресей мен
Германия Сыртқы істер министрлерінің пікірі бір-біріне қарама-қайшы болып шықты,
-деп хабарлайды Интерфакс агентігі. Ресей Президенті Владимир Путин, Украина
лидері Петр Порошенко, Германия канцлері Ангела Меркел, сондай-ақ Франция көшбасшысы
Франсуа Олланд арасындағы түнгі кездесу ұзаққа созылғанын ақпарат құралдары
жарыса жазуда.
Ресейдің
сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавров кездесудің жемісті болатынын
айтып өткен. Ал оның неміс әріптесі Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің Твиттердегі
парақшасына «Украинаның
оңтүстік-шығысындағы жағдайды қалыпқа келтіреді»
деген келіссөздер «оңай
болмайтынын»
жазған.
Осыған орай, Бразилияға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырып, Минскіде әлі
болатынын айтқан. Украинның СІМ ресми өкілі Евгений Перебейнос «келіссөздердің
өте ауыр жағдайда өтіп жатқанын, бірақ жеңіске деген үміт басым»
екенін атап өткен.
Айта кетейік, Лавров жаңа келісімге қол қою бейсенбіде мүмкін
боларын мәлімдеді. Норманд төртігінің кездесуі Минскідегі Тәуелсіздік
сарайында кеше кешкісін кеш басталған болатын.
Бірқатар ақпарат агенттіктері
келіссөздің сегіз сағатқа созылғанын жазып жатыр.
Т. ОСПАНБАЕВА