Русский Сайттың толық нұсқасы

Серік Ахметовтің ісін тергеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2015
  • 1125

Экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы біздің арнамызға Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева мәлімдеді. Жақын арада іс сотқа тапсырылмақ. «Қазір Ахметовтың өзі және адвокаттары  іс материалдарымен танысып жатыр», - деді Жошева.

Айта өтейік, қылмыстық  істі тергеу 4 айға созылды. Бұрынғы үкімет басшысына тағылған айып: «Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру».

Еске салайық, Серік Ахметовке қатысты үй қамақ мерзімі18 ақпанда аяқталады. Әлия Жошеваның айтуынша, сотқа бұлтартпау шараларын ұзарту туралы өтініш хат келіп түскен, ол 13 ақпанда қаралады.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА