Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттері Астанада кездеседі

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 1256

Астанада Қазақстан, Беларусь және Ресей көшбасшыларының кездесуі өтеді. «Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуі кезінде белгілі болды»,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасына телефон шалған Белурусь Президенті Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтқан.

Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдіре отырып, келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекет басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді.

Т. ОСПАНБАЕВА