Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір»

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2016
  • 2331

Тақырып:  «Асық» ойнаған азар ...

Ассалаумағалейкүм! «Көп асқанға бір тосқан» қалай болсын келеді. Бірақ дағдарыстың иісі дүниені жалпағынан басып жүрген біздегі «базбіреулердің» мұрнының ұшына да бармайды. Қазір рет-ретімен айтып беремін.

Құмар ойындары құмарыңды бір сәтке қандыратын шығар, білмеймін, құмар емеспін. бірақ, бүйіріңнен екі есе шығарып алады. «қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді» дегендей, құмар ойындарын шенеуніктер ойнамайды деп кім айтты?! босағасынан аттау үшін кемі 1000 доллар төлеу керек казиноларға сол қалталылар бармағанда, қарапайым қара барар дейсіз бе?! солтүстік қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы андрей дигант та казинолардың құтты қонағы екен. ол ойынханада ақшасын оңды-солды шашып жүрген жерінде көзге, яғни камераға түсіп қалған. Қарайық.

Судьяны танып қалған біреу сырт еткізіп түсіріп алып, интернетке салып жіберген. бұл видео жария болғасын шенеунікке қызметімен қоштасуға тура келді. облыстық соттың баспасөз қызметі андрей диганттың мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін  бұзғанын хабарлады. ал «автокөлікшілердің қоғамдық одағы» бұл судья бурабай мен қапшағайдағы ойынханалардың тұрақты қонағы деп жазады. оларға кіру құны 1000 доллардан басталады. ал соттың жалақысы 300 000 теңге екенін айтқан, сол одақ. жұрттың пікірін тыңдайық. 

Аноним: адал тапқан ақшаға казиноға бармайсың! алған парасын шашқан ғой! видеоға түсіріп алған адам жарады! 
Аноним: Өкінішті, жақсы судья еді. Видеоға қандай оңбаған түсірген? Компромат іздеген шығар.

Аноним: Павлодарда ойын терминалдары, бинго клубтары, жасырын ойын залдары рұқсат етілгендей жұмыс істеп тұр. Ал құқық қорғау органдары оларды көрмегендей болады.

Аноним: Казиноға барғаны үшін жұмысынан босату ақымақтық. Бұл сорақы қылмыс емес қой. Соттардың этикасына да нұқсан келген жоқ деп ойлаймын.

Аноним: Мүмкін сол ойын залына өзінің қатысы бар шығар?

Аноним: Бірде пойызда заңсыз казиноның қожайыны кездесті. Ішіп алған екен, шынын айтып қойды. Ойынханаларды жасырын жұмыс істету үшін қаржы полициясына, прокуратураға, Ішкі істер органдарына, келе қалса, салықшыларға да «төлеп жіберу» керек екен...

Тақырып: дағдарысқа «жауап»...

Біздегі бай-бағландардың кез келген дүниеге төлеп жіберуге дайын тұратыны сөзсіз. Патша көңілдерін, әсіресе жалт-жұлт еткен  қымбат көліктермен «мәпелеуге» құмар. Өткен жылы қалталылар шетелдің 80 эксклюзивті көлігін тізгіндеген. Біздікілер Bentley маркасына құмар болып шықты. 36 көлік тіркеуден өткен. Екінші орында Rolls-Royce көліктері. 17 данасы келген елге. Өзімізде диллерлері болғанмен қымбат көліктердің басым бөлігін Ресейден алдыртқан. Үздік үштіктің «көркін» Lamborghini келтіріп тұр. Одан соң  қазақтар Maserati, Maybach, Jaguar, Aston Martin сынды бағалары жанып тұрған маркалар мен америкалық  Tesla электромобильдеріне қонжиған. BMW i8 спорткупелері мен  i3 хэтчбектері,  Porsche Cayenne мен Panamera да Қазақстанның көшелерінде жүйткіп жүр. «Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда» бір сөзбен айтқанда. Ал мына Алматылық Мерседестің иесі темір тұлпарын қымбат сваровский тастарымен көмкеріп тастаған. Неткен астамшылық дерсің. Бірақ, біз тамсанып қана қоя аламыз.

Аноним: Дағдарыс қайда? Әлде байларда дағдарыс жоқ па?

Аноним: Алматының жер асты тұрақтарынан бұлардан да қымбат неше түрлі көліктерді көруге болады.  Өзім Ferrari 458-ті, тіпті Lаmborghini Aventodor-ларды көрдім. Rolls Royce пен өте қымбат G63 (6x6) көліктері де тұрады.  Ең қызығы, оларды мініп жатқан ешкім жоқ. Шаң басып, Ницца мен Сен-Тропеде жатқан иелерін күтіп тұр.))

Аноним: Бір ғана жалақыға мұндай көліктерді сатып ала алмайсың, ұрланған ақша екені анық. 

Аноним: Қайдағы көлік, қазір аман қалудың қамын ойлау керек. Көлік түгіл, тамаққа әзер жетеді тапқанымыз. Көліктер қарапайым адамдар үшін емес, байлар үшін. Бірақ бұл темірлерді өзіңмен «алып» кетпейсің.

Аноним: Мұндай көлік сатып алу үшін кемі 157 жыл өмір сүріп, ақша жинау керек. Немесе Дункан Маклауд болу керек.

Ал құрметті Дункан Маклаудтар, ііі кешіріңіздер, құрметті көрермендер, пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!