Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина шиеленісі бойынша Минск келісімдері толық орындалған күнде АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын жібітпек

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 881

Франсуа Олланд «норманд төрттігінің» кезекті кездесуінің аңдатпасын жасады-деп хабарлайды РИА Новости. «Брюсселде өткен Еуропалық Одақ саммитінен кейін, Олланд «төрттік» келесі аптада Минск келісімдерінің орындалуын телефон арқылы талқылайды»,- деді Франция президенті.

Сосын араға бірнеше апта салып тағы кездесу өткізетінін айтқан. 12-ші ақпанда Ресей, Франция, Германия және Украина басшылары Минскіде келіссөздер жүргізіп, Украина шығысындағы қарулы қақтығысты тоқтату жөнінде қос құжатқа қол қойды.

Нақтырақ айтсақ, оқ атпау туралы ымыра мен Украина аумағынан барлық әскери техниканы шығару туралы келісім құжаттары, 15-ші ақпаннан бастап күшіне енбек. Ақүй өз кезегінде келісімді құптап, тараптарды құжаттың барлық талаптарын бұлжытпай орындауға үндеді.

Америка Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, Украина шиеленісі оң шешімін тапқан күнде, Ресейге қарсы батыс санкциялары - жібімек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ