Русский Сайттың толық нұсқасы

Еурокомиссия газ мәселесіне қатысты Ресей және Украинамен келіссөзді қайта бастамақ

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 797

Еуропалық комиссия Ресей және Украинамен газға қатысты келіссөздерді қайта жандандырмақ. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлайды. Еуропалық комиссия төрағасы Жан Клод Юнкердің айтуынша, Еуропалық Одақ Еуразиялық экономикалық одақпен арадағы байланысты нығайтуға да мүдделі.

Қазіргі уақытта Украинаға газ тасымалы «қысқы жоспар»-ға сай жүргізілуде. Яғни, Еуроодақтың ықпалымен Газпром мен Нафтогаз өзара келіскен.

Еске салайық, Ресей Үкімет басшысы Дмитрий Медведев 20-қаңтарда «Газпром» Украинаның көгілдір отын бойынша қарызын қайтаруға күш салып жатыр деген еді. Ол қарыз 2 миллиард 200 миллион долларды құрайды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА