Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе әуежайы жасанды төлқұжатпен сапар шегемін деушілердің жолын кесудің жаңа тәсіліне жүгінуде

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1100

Ақтөбе әуежайы жасанды төлқұжатпен сапар шегемін деушілердің жолын кесудің жаңа тәсіліне көшті. Арнайы құрылғы әзірге ТМД елдері азаматтарының құжаттарын тексеріп, жеке басын айқындауда қолданылып жатыр. Ұшаққа бет алған жолаушылар бірінші кезекте ұшу билетімен қатар, жеке куәлігін тексерістен өткізуі міндетті. Арнайы сканер санаулы секундта тексеріп, түпнұсқалығын анықтайды. Әуежай қызметкерлері мұны қауіпсіздік шарасының бір жолы дейді.

Жаңа құрылғы еліміз бойынша алғаш боп Ақтөбеде орнатылған. Жарты жыл ішінде бірде бір заңсыз құжат даярлаған жолаушы кезікпеген. Әуежай өкілдері, ақылды аппараттың жадына жазылған ақпарат бір жарым жылға дейін ғана сақталатынын, айтты.

Сергей Елизаров, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы:

Аппараттық-программалық кешеннің серверінде сақталатын ақпарат біздің ішкі қауіпсіздік қызметіне тиесілі. Сырттан келгендермен бөліспейміз. Уақыт өте жаңартып, ескіргенін жойып отырамыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН