Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасының төмендеуі - мұнай өндіру саласындағы бірнеше жобаларды консервациялауға алып келуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1936

Мұнай бағасының төмендеуі мұнай өндіру саласындағы бірнеше жобаларды консервациялауға алып келуі мүмкін. Соның арқасында бір баррель мұнай құны 90-100 долларға жетеді. Тіпті асып кетуі ғажап емес.

Бұл туралы «Роснефть» басшысы Игорь Сечин Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, нарық фундаменталистері мұнай бағасы жақында 60-80 долларға жетеді деп есептейді.

Алайда, баға одан әрі де дұрыс көрсетілмесе, көптеген өндірістік жобалар тоқтатылады. Бағаның қайта қалпына келуіне қажетті мерзімнен де ұзақ уақыт кетеді. Нәтижесінде, баға 90-110 долларға дейін көтеріледі.

Әлемдік мұнай бағасы өткен жылдың жазынан бері 50 пайыздан аса құлдырады. Сарапшылар, мұның себебін нарықтағы тапсырыстың шамадан тыс көп болғанымен байланыстырады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА