Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысыр билігі Ливиядағы «Ислам мемлекетіне» қарсы әуе операцияларын бастады

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 807

Мысыр билігі Ливиядағы «Ислам мемлекетіне» қарсы әуе операцияларын бастады деп жазады Reuters. Операция - исламшылдар 21 мысырлықты аяусыз өлтірген бейнежазбаны жариялаған күннің ертеңіне басталған.

Радикалды исламшылар, Мысыр христиан ауыр жазаға мұсылман әйелдерді қудалағаны үшін кесілгенін айтып, ақталса керек. Мысыр күштері әуе шабуылының нысанасы ретінде - исламшылардың оқу лагерлері мен шекарадағы базасын көздеген.

Жойғыштар 8 әуе соққысын жасады. Ливия әскери әуе күштерінің басшылығы - әуе соққылары нәтижесінде 50-ге жуық радикалды исламшының көзі жойылғанын жариялады. Бұл операцияны - Мысыр әскерилері «қантөгіс үшін кек алу» деп атады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА