Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендік жанкүйерлер универсиада жеңімпазы - Юлия Галышеваны күтіп алды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1051

Өскеменнің әуежайында жанкүйерлер Гранада қаласында өткен универсиада жеңімпазы - Юлия Галышеваны күтіп алды. Спорт саңлағы өзінің шеберлігін осы жолы тағы да әлем алдында паш етті. Аламан доданың алтын медалін қанжығаға байлады.

Юлия Универсиада алаңында күшті жел мен өзге де қолайсыздықтардың болғанын жасырмады. Бірақ осыған қарамастан күрделі жарысты сәтті аяқтап шыққанын, мұның оңайға түспегенін айтты. Екінші орынды бұл сайыс түрінен ресейлік Мария Пертахи алды.

«Қола» медаль Корей елінің спортшысында. Юлия енді Францияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастамақ.

Юлия Галышева, Универсиала жеңімпазы:

Үйіме бір аптаға келдім, сонан соң Алматыға аттанамын, жаттығуларды жалғастырып, чемпионатқа аттанамын. Үздік үштікке ену мақсатым орындалды, алда тағы да бағындырар белестерім көп деп ойлаймын.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА