Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы Сенаттың жалпы отырысында қаралмақ

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 893

Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы сенаттың жалпы отырысында қаралмақ. Төраға Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы Палата Бюросының отырысын өткізді және Президент сайлауын өткізу жөніндегі Ассамблея Кеңесінің үндеуі туралы мәселені 19 ақпанда өтетін отырыстың күн тәртібіне енгізуді ұсынды. 

Бұл жөнінде Парламенттің ресми сайтында хабарланды. Айта кетейік, 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 2015 жылы Президент сайлауын өткізу жөнінде бастама көтерді. Халықты, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды осыны қолдауға үндеді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА