Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілдеріне есеп берді

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1365

Егер 2022-жылғы қысқы Олимпиада Алматыда өтетін болса, бюджетке айтарлықтай салмақ түспейді. Себебі оңтүстік астанада Қысқы спорт түрлеріне арналған нысандар салуға қаражат пен қосымша күш жұмсалмайды.

Қысқы Азиада ойындарынан қалған спорт алаңдары мен 2017 жыл өтетін Студенттік универсиадаға салынып жатқан нысандар бұл шығынның орнын толтырады. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілдеріне есеп берген отандық мамандар мәлімдеді.

Бұл ретте спорт саласының шенеуніктері 50 млрд. АҚШ доллары жұмсалған «Сочи олимпиадасын» ескеріп отыр. Егер Алматы 2022 жылғы Қысқы әлемдік спорт додасын өткізуге жеңімпаз деп танылса, мұндай «көзсіз қаржы» жұмсалмайтынына сенімді.

Елсияр Қанағатов, ҚР Спорт және мәдениет мнистрлігінің комитет төрағасы:

Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылға арналған бағдарламаға сәйкес біршама жеңілдіктер болатынын айтып отыр. Яғни, Олимпиаданы ұйымдастырып, өткізуде қандай да бір жеңілдіктер болатынын меңзейді. Бұл біз үшін әрине ұтымды болар еді. Ал қажетті спорт нысандарының негізі бөлігі бізде бар.

Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалау комиссиясына Алматыдағы Олимпиадалық қалашықтың сызбасы таныстырылды. Ол Алатау ауданында саланып жатқан мұз аренасының маңына орналасады. Жоспар бойынша, Алматыда 2022 жылы өтетін олимпиада үшін барлығы үш қалашық бой көтереді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ