Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынатын барлық объектілердің құрылысына отандық өнімдер пайдаланылады

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1346

Отандық өнімге сұраныс артады. Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов - «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынатын барлық объектілердің құрылысына отандық өнімдер пайдаланылатынын хабарлады.

«Отандық құрылыс материалдарының пайдаға асуын кәсіпкерлер палатасы өз бақылауына алады»,- деді. «Дағдарысқа қарсы бағдарламаның шаралары ауқымды. Оның ішінде «Нұрлы жол» бойынша 3 жылда Ұлттық қордан 3 млрд АҚШ долларына жуық қаражат бөлінеді»,- деді Мырзахметов. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдауға «Даму» қоры арқылы 100 млрд теңге бөлінбек.

Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізіліп жатқан өзгерістердің арқасында - тағы да 100 млрд теңге бөлінуі мүмкін. «Оның барлығы «Даму» немесе «Бәйтерек» қорлары арқылы банктерге жетеді, банктер арқылы кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға көмек болады»,- деді палата жетекшісі.

Абылай Мырзахметов, Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы:

Дағдарыстағы ең мықты шаралардың бірі - біздің ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың барлығының сатып алуларын іште қалдыруға жұмылдыруға арналған жұмыс жасауымыз керек. Ол туралы нақты бағдарламалар бар. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға 278-ге жуық кәсіпорын кірген және оның саны көбеюде. Біз жан-жақтан берілетін сатып алуларды іште қалдыратындай жағдайды қалай жасайтындығымыз туралы жоспар жасақтаудамыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ