Шығыс
Қазақстан облысында түрлі мемлекеттік мекемелердің 600-ден аса басшысы Азаматтық-процессуалдық кодексті бұзып отыр. Олар селқос мердігерлердің үстінен
арызданғанымен, сот отырыстарына келмеген. Бұл туралы бүгін облыстық
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Анарбек Рамазанов айтты. Салақтыққа салып жүрген мемлекет
қызметкерлерінің бұл ісін енді прокуратура қолға алды.
Мына
далалы аумақта егін жайқалып тұруы тиіс еді. Бірақ бірнеше жылдан бері бос тұр.
Сондықтан жергілікті билік, пайдаланылмай жатқан жерді алып, оны еңбек еткісі
келетіндерге беруі тиіс. Алайда бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Өйткені
аудандық жер комитетінің басшысы сотқа келмеген.
Анарбек
Рамазанов, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасы:
Бізге
арыз кеп түседі. Ал соны ана кісілер ұмытып қалған сияқты, сотқа келмейді. Біз
ескерту жасаймыз. Телефон арқылы, смс арқылы, интернет арқылы, қағаз арқылы,
хабарламаға арқылы келіңіз деп, бірақ олар келмейді.
Анарбек
Рамазанов аудан әкіміне ресми мәлімдеме жасаған. Енді аудандағы жерге
жауаптылардың салақтығымен прокурорлар айналыспақ. Бүгінде облыс бойынша дәл
осындай шешімін таппаған 600-ден астам іс мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотта жатыр. Бюджеттік мекеме басшылары былтырғы жылы өз ісін
салақ атқарған немесе сапасыз тауар жеткізген мердігерлерге қатысты сотқа шағым
түсіріпті. Алайда, арызданушы тарап істі соңына дейін жеткізбеген.
Анарбек
Рамазанов, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасы:
Егер
арызданушы сотқа келіп, өзінің талап-арызын дәлелдемесе, онда сот ол істі қарай
алмайды. Бірінші рет олай болған жағдайда, сотты кейінге шегереміз. Тағы да
сотқа келуін ескертеміз. Екінші рет келмесе, істі кері қайтаруға немесе
тоқтатуға мәжбүрміз.
Сот отырысына келмейтін мемлекеттік мекемелер мен лауазымды шенеуніктердің
істерін енді прокурорлар қолға алмақшы.
Константин
Пичугин, ШҚО прокуратурасы 4-ші басқармасы басшысы:
Қазір
мамандандырылған соттан егжей-тегжейлі ақпарды алдық. Әсіресе лауазымды
шенеуніктер, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сот отырысына бармай қою
жәйттеріне қатысты. Олар өз әркеттеріне жауап беруі тиіс қой. Біз бұл жерде екі
жақты келісім бар ма деп ойлап қалуымыз әбден мүмкін ғой.
Облыс прокурорлары қаралмаған әр
талап-арыз бойынша егжей-тегжей тексеру жасауға уәде етті. Сот отырысына
келмеген шенеуніктің қай-қайсысы болсын, 100 АЕК бойынша әкімшілік
жауапкершілікке тартылмақ. Тіпті қызметінен босатылуы да ғажап емес, - деді
құзырлы мекеме өкілдері.
Құралай ПИОНЕР