Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дабыл түймесі» ардагердің өмірін сақтап қалуға сеп болмақ

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1147

«Дабыл түймесі». Шымкенттегі соғыс ардагерлеріне бүгін осындай арнайы құрылғылар берілді. Мобильді қондырғының артықшылығы сол - кез-келген оқыс жағдайға тап болған майдангер дереу көмек шақырта алады. Үстіміздегі жыл ТМД аумағында Ардагерлер жылы болып жариялануына орай, Республикалық ардагерлер кеңесі мен «Самұрық-Қазына» қоры «Өмір желісі» шарасы аясында қарттарға осындай тарту жасап отыр.  

Ең бірінші, дабыл түймесі бар артында «sos» деп аталатын. Егер ардагер осындай бір қиын жағдай болған кезде, әсіресе денсаулыққа байланысты, мына тетікті басып, бірден бізге  көмек орталығына дабыл жібере алады.

Көмек шақырту үшін тетікті үш секунд басып тұрса жеткілікті. Осы қоңырау арнайы орталықтарға түсісімен, ардагер туралы барлық мәлімет мониторда пайда болады. Тіпті қарияның сырқаты, оның туыстарының байланыс нөмірлері де базаға енеді. Қондырғы Қытайда арнайы жасалған. Ондағы әріп пен сандар өте ірі. Көруге ыңғайлы. Тіпті терген сандар дыбысталады. Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған акция барысында ерекше сый алған ардагерлердің көңілі жай.

Бұған дейін Астана мен Алматыда үш соғыс ардагерінің өмірін сақтап қалуға осы құрылғы сеп болыпты. Жалпы шара барысында ел аумағында 5 мың 83 майдангерге осындай ұялы телефон тапсырылмақ. Оңтүстік Қазақстан облысында көзі тірі 449 соғыс ардагері бар.

Айтжан Бекназар, соғыс ардагері:

Дабыл түймесін берді. Бұл мемлекеттің бізге деген қамқорлығы. Денсаулығымызды күнбе күн бақылап отырмақшы. Егер денсаулығымыз сыр берсе, бір жағдай болса, кнопканы басып кеп қалсақ, дереу тез жәрдем келеді екен.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ