Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш мыңға жуық өскемендік электр энергиясы үшін екі мәрте төлем жасаған

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 855

Өскеменнің үш мыңға жуық тұрғыны электр энергиясы үшін екі қайтара ақы төлеген. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары айтты.

Іс сотқа жетіп, облыстық мамандандырылған әкімшілік сот монополистке айыппұл салу туралы шешім шығарды. Аймақты электр энергиясымен қамтитын
«Шығысэнерготрейд» серіктестігі 277 мың теңге көлемінде айыппұлды өтемек.

Оған қоса, тұтынушылардың төлемін қайта есептеп, ақшаларын қайтаруы тиіс. Бұл даулы оқиға төлем қабылдайтын әлеуметтік кассалардан шықты. Олар тұтынушылардан төлемді комиссиясыз қабылдаған.

Фирма өкілдері тұрғындардан ақшаны жинап алғанмен,
«Шығысэнерготрейд» кәсіпорнына 5,5 млн теңгені дер кезінде аудармаған. Ал энергетиктер бар шығынды тұтынушылардың мойнына артқан.

Людмила Устьянцева, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Бұған қоса, олар біздің ескертпемізбен келіспеді. Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірдік. Жуырда сот үкім шығарды. «Шығысэнерготрейд» кәсіпорнының өтініші қанағаттандырылды. Енді олар тұтынушылардың төлемдерін қайта есептеуге міндетті.

Энергетиктер бұл жайтқа қатысты мардымды жауап қатпады. Алайда, «Шығысэнергтрейд» серіктестігінің басшылығы әлеуметтік кассалардың қызметіне қатысты полиция мен прокуратураға шағым түсірген.

Айзада Мұхит