Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанар-жағармай құны арзандаған соң іле-шала ақтөбелік қоғамдық көліктердің бір қатарында жол жүру құны төмендеді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 1018

Ақтөбе облысы Ресейде жанар май арзан болғандықтан, бензин қорын көрші елде өндірілген өніммен толықтырып отыр. Бұл туралы арнамызға облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы айтты.

Осыған орай, қаладағы қоғамдық көліктерде бір реттік жол жүру құны 5 теңгеге арзандады. Бұған дейін шағын автобустарда билет құны 60 теңге болған еді. Жергілікті билік АИ-92 маркалы бензиннің арзандауына орай жол жүру билетінің бағасы да арзандағанын хабарлады.

Қазір аймақта жанар-жағармай тапшылығы сезілмейді. Кәсіпкерлер басқармасы басшысы бүгінде бензин қоры өңірде шамамен бір жарым, екі айға жететінін айтты. Облысқа күнделікті көлік отыны жергілікті және Ресейлік мұнай өңдеу зауыттарынан жеткізіледі.

Көршілес елдегі экономикалық ахуал бензин бағамының өзгеруіне тікелей әсер еткен. Дегенмен, жанармай құнына қатысты қандай да бір болжам жасау қиын, дейді кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі.

Бағжан Тілегенов, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі:

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының 60 пайызы ішкі нарықты өзіміздің 92-ші бензинмен, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырғанбыз. Қалған 40 проценттің Ресей зауыттарынан әкеліп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырғанбыз. Қазіргі уақытта Ресейде баға арзан болғасын және де кәсіпкерлерге пайдалы болғасын қазір негізінен Ресей зауыттарынан тасуда.

Мансұр ЕСХОЖИН