Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық жастар пара ретінде алынған қаражат пен тұрмыстық техниканы өртеп жіберді

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2015
  • 802

Жемқорлықты тұншықтыру керек! Қызылжарда осындай атаумен акция өтті. Қаланың орталық көшесіне жиналған жастар шерулетіп, жемқорлыққа қарсы ұрандатты. Кейін олар шаһардың бас саябағында жасанды 1 млн теңге мен 10 мың доллар, сондай-ақ пара ретінде алынған тұрмыстық техниканы өртеп жіберді.

Осылайша ұйымдастырушылар бұқара мен мемлекеттік қызметкерлерді адал болуға үндеді. Акцияға жүзге жуық колледж студенттері қатысты. «Мұндай бастамалар сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабудың бірден-бір жолы», - деп санайды олар. Айта кету керек, акцияда қауіпсіздікті өрт сөндірушілер бақылады.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарссы іс-қимыл агенттігінің бөлім басшысы:

Бұл акциямен лауазымды тұлғаларға қызмет жасаған кезінде мемлекетке адал болуға шақырамыз. Өз қызметін адал жасауға, шын ниетпен және пара алмауға шақырамыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН