Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» велокомандасының спортшысы Андреа Гуардини «Оман» турының алғашқы кезеңінде жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 1398

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші айналымына шықты. Дәрежелі жарыстың екінші кезеңінде еліміздің бірінші ракеткасы Германия теннисшісі Андреа Петковичті екі сетте ұтты. Отандасымыздың ендігі қарсыласы Ресей спортшысы Екатерина Макарова.

Велоспорттан «Оман» туры басталды. Бірінші кезеңде командалар 161 шақырымнан тұратын жазық жолда сынға түсті. Бұған дейін өткен Дубай және Қатар турларында жүлделі орынан көрінген «Астана» велокомандасының спортшысы Андреа Гуардини қарсыластарының алдын орап кетті.

Межелі жерге санаулы метрлер қалғанда жалпы топтан суырылып алға шыққан Қазақстан команданың спринтірі мәре сызығын бірінші болып кесті. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен Бельгия спортшысы Том Бонен екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны «Бора Аргон» клубының өкілі Патрик Конрад еншіледі.

«Астана» командасының қалған спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Бұл жетістігінен кейін Андреа Гуардини жалпы есепте жарыс лидерінің қызыл жейдесін иеленді.

Самат ҚАНАҒАТОВ